Тағайындау • 05 Қыркүйек, 2022

Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы Текелі қаласының жаңа әкімі болып Алмас Әділ тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Текелі қаласына жаңа әкім тағайындалды

«Жетісу облысы әкімінің өкімімен Әділ Алмас Қабдулұлы Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алмас Әділ 1980 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын «Қайнар» АҚ заңгері болып бастаған. Осы жылдар ішінде Талдықорған қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Казкоммерцбанк филиалдарында заңгер-кеңесші, «Таникеева М.А.» ЖК директоры, бас маман, бөлім меңгерушісі, қала әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың шілде айынан бері Көксу ауданының әкімі.

Әкімдіктің хабарлауынша, Текелі қаласының бұрынғы әкімі Молдахметов Батыр Қайыркенұлы өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.