Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2022

Семей тұрғыны өртенген үйден 4 баланы алып шықты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше сағат 15:55-те Қарағайлы шағынауданында көпқабатты үйдің 9-шы қабатындағы пәтер өртенді. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Семей тұрғыны өртенген үйден 4 баланы алып шықты

Жергілікті басылымның мәліметінше, өрт сөндірушілер жасағы оқиға орнына дереу шыққан. Өрт кезінде пәтерде 4 бала болған. Бөлменің 2 шаршы метр алаңында жеке заттар өртенген. 

«Бағымызға орай, көрші үйдегі ер адам кәмелетке толмаған балаларға көмекке келді. 1986 жылы туған ер адам өрт сатысымен балкондағы пәтерге кіріп, эвакуациялық люк арқылы балаларды 8-қабатқа түсірді», деп түсіндірді ТЖД қызметкерлері.

Белгілі болғандай, балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Онда олар толық медициналық тексерістен өткен.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.