Тағайындау • 06 Қыркүйек, 2022

Ақмола облысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Ақмола облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін Дулат Нұрмолдин басқарады.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік қазақстан облысы Мәскеу ауданы Заградовка ауылында дүниеге келген.

Білімі бойынша - инженер-гидротехник, экономист, заңгер, қаржыгер. Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеудің қазіргі заманғы гуманитарлық институтын және Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы салық саласында инспектор қызметінен бастаған. 1999 жылдан бастап 2008 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық органдарында түрлі лауазымдарды атқарған.

2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы болды.

2010-2014 жылдары Ақмола облысы бойынша салық департаментін басқарды.

2014 жылдан 2015 жылға дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2015-2019 жылдары Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің 2019 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.