Қаржы • 06 Қыркүйек, 2022

Доллар бағасы тұрақтанды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-да доллардың орташа бағамы 472,47 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағасы тұрақтанды

Ресей рублінің орташа бағамы 7,73 теңгеге дейін төмендесе, Қытай юанінің орташа бағамы 67,93 теңгеге дейін төмендеді.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк Еуро бағамын 468,9 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларларды 473-477 теңгеден, еуроны - 469-476 теңгеден, ресей рублін - 7,2-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 6 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді.

Мәселен, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent мұнайының қараша айындағы фьючерстері 0,72%-ға, барреліне 95,05 долларға дейін арзандады.

NYMEX Нью-Йорк тауар биржасының электрондық сауда-саттығында қазан айында WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 2,04%-ға көтеріліп, бір баррелі 88,64 долларды құрады.