Үкімет • 07 Қыркүйек, 2022

Мемлекеттік органдарға демонополизациялау бойынша тапсырма берілді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдарға демонополизациялау бойынша тапсырма берілді

Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын (қоғамдық көлік саласы) демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.