Кеше Анголаның Кванза-Сул және Кванза Норте провинциялары арасында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 48-і жарақат алды. Көлік ішінде 56 жолаушы болған. Автобус Анголаның Хуамбо провинциясынан астанасы Луандаға бара жатқан еді. Жарақат алған жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
«Апат көлік жылдамдығын асырудан болған», деп мәлімдеді Ангола ұлттық полициясының Кванза-Норте провинциясы бас кеңсесінің баспасөз хатшысы Эдгар Сальвадор.
Ғылымнұр КӘРІБАЙ