Тағайындау • 09 Қыркүйек, 2022

Абай облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша Абай облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы лауазымына Данияр Тоқтыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының табиғи ресурстар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Данияр Жағыпарұлы 1976 жылы Павлодар облысы Краснокутск кентінде дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін және Қазақстан-Американдық Еркін университетін бітірген.

​Жұмысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімі аппаратының құрылыс, сәулет, ТКШ және жолдарды дамыту бөлімінің маманы болып бастаған.

Әр жылдары ШҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, ШҚО құрылыс басқармасында, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында басшылық қызметтер атқарған.