Спорт • 09 Қыркүйек, 2022

Әлем чемпионатына аттанатын қазақстандық гимнасттар анықталды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-18 қыркүйек аралығында Болгарияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатына аттанатын қазақстандық гимнасттар анықталды

Дүбірлі додада Қазақстан намысын қорғайтын қазақстандық гимнасттардың есімдері белгілі болды.

Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы жеке жарыстардағы медальдар үшін күреседі.

Топтық жаттығуларда Рената Жолдинова, Сағина Мұратқызы, Әсел Шүкірбай, Айдана Шаяхметова, Аружан Касенова және Роза Абитова бақ сынап көреді.