Қоғам • 13 Қыркүйек, 2022

Биыл 15,5 мыңнан астам адам елден кеткен

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанға 8 372 адам келіп, 15 547 адам елден кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 15,5 мыңнан астам адам елден кеткен

Бұл ретте елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%-ды құраса, ТМД елдеріне көшіп кеткендердің жалпы саны 84,6%-ды құрады. Сонымен қатар, ел ішінде көшіп-қонушылар саны 1,8%-ға азайды.

Бұл ретте халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің үш өңірінде байқалады: Алматы (20 860 адам келді), Нұр-Сұлтан (19 007 адам) және Шымкент (2140 адам).