Спорт • 14 Қыркүйек, 2022

Бабаян – бас бапкер

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан чемпиона­тының аяқталуына жеті тур қалғанда «Ас­тана» клубының бас бапкері ауыс­ты.

Бабаян – бас бапкер

Осыған дейін бұл қызметті 49 жастағы сербиялық маман Срджан Благоевич атқарған еді. Енді оның орнына Григорий Бабаян келді. Ол – Қазақстанның тумасы. Жасы 42-де. Кезінде Бабаян еліміздің жасөспірімдер құрамасында ойнады. Кейіннен Германияда шеберлігін шың­дады. 2003-2005 жылдары «Қайрат» пен «Алматы» клубтарының жейдесін киді. Көп ұзамай жаттықтырушылық кәсіпті таңдап, «Астана» мен Қостанайдың «Тобылында» бас бапкердің көмекшісі болды. Соңғы уақытта Мәскеудің ЦСКА-сында біраз еңбек етті.