Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2022

Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

2856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Индер ауданының әкімі лауазымын Дарын Шамұратов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының Индер ауданына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын таныстырды. Аудандық мәслихаттың депутаттары жаңа әкім Дарын Шамұратовтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді.

Дарын Дүйсембайұлы 1986 жылы 16 желтоқсанда Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география пәнінің мұғалімі, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында жалпы бөлімнің бас маманы, Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімнің басшысы лауазымын атқарған.

2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болған.

Ал, 2021 жылғы наурыздан осы тағайындауға дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Облыс әкімінің өкімімен бұған дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған Салауат Өтеғұлов басқа жұмысқа ауысты.