Экономика • 19 Қыркүйек, 2022

Қазақстандықтардың азық-түлік шығыны 10%-ға өсті

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2022 жылдың екінші тоқсанында қазақстандық отбасылардың шығыны орта есеппен 774,9 мың теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға көп, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандықтардың азық-түлік шығыны 10%-ға өсті

Бұл ретте отбасылардың табысы бір жыл ішінде 16,4%-ға өсіп, 2022 жылдың екінші тоқсанында 819,4 мың теңгені құрады.

Шығыстар мен кірістердің орташа бір отбасына арақатынасы бір жылда 96,1%-дан 94,6%-ға дейін қысқарды. Ақшалай мәндегі кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық бір жыл ішінде 27,1 мың теңгеден 44,5 мың теңгеге дейін өсті. Мұндай деректерді Finprom сарапшылары ұсынды.

Өңірлік бөліністе ең төмен шығыстар Қостанай (орта есеппен бір үй шаруашылығына 559,2 мың теңге) және Абай (573,6 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (598,6 мың теңге) байқалды. Бұл ретте Қостанай және Абай облыстарында шығыстар тиісінше кірістердің 76,5%-ын және 74,9%-ын ғана құрайды, ал Шымкентте көрсеткіштер іс жүзінде тең болды (арақатынасы - 99,8%).

Ең көп шығыстар Алматы (932,4 мың теңге), сондай-ақ Қызылорда (924,8 мың теңге) және Ұлытау (912,7 мың теңге) облыстарының үй шаруашылықтарына тиесілі болды.

Қазақстанның төрт өңірінде үй шаруашылықтарының шығыстары табыстарынан асып түсті: Алматыда (10,6%-ға), Алматы облысында (10%-ға), Жетісу облысында (9,9%-ға) және Түркістан облысында (5,4%-ға).

Үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстарының құрылымында тұтыну шығыстары басым. 2022 жылдың екінші тоқсанында олар 713,9 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға артық.

Оның 398,5 мың теңгесі азық-түлік тауарларына, 182,2 мың теңгесі азық-түлік емес тауарларына, 133,2 мың теңгесі ақылы қызметтерге жұмсалды.

2021 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда азық-түлік тауарларына шығын 10,2%-ға, азық-түлік емес тауарларына 17,7%-ға, ақылы қызметтерге бірден 20,1%-ға өсті.

Бұдан басқа, 2022 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылығына орта есеппен 45,3 мың теңге кредит пен борышты өтеуге, тағы 15,6 мың теңге туыстарына, таныстарына материалдық көмекке, алиментке, салықтарға, төлемдерге және басқа да төлемдерге жұмсалған шығыстарды құрады.