Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2022

Баянауылда заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауыл ауданында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Баянауылда заңсыз аң аулаған күдіктілер ұсталды

«Баянауыл аудандық соты күдіктілерді ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі 2, 4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 6 жыл мерзімге аң аулау құқығынан айыру және мылтық тәркілеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сот мемлекет пайдасына 21 млн теңге көлемінде залал төлеуді міндеттеді. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды», деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі мен еліктің ұшасы тәркіленді.

Тергеу жұмыстары барысында азаматтар «салафизм» деструктивті ағымының өкілдері екені анықталды.

Айта кетсек, Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған. Сондай-ақ 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елік аулауға да рұқсат етілмейді.