Президент • 20 Қыркүйек, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйледі

«Ең алдымен Кёрёши мырзаны БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтаймын. Біз мұнда – БҰҰ штаб-пәтерінде адамзат үшін аса маңызды кезеңде бас қосып отырмыз. Әлем геосаяси қайшылықтар күшейіп келе жатқан жаңа кезеңге қадам басқан секілді.

Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып отыр. Тежемелік және тепе-теңдіктің жаһандық жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қала алмады. Қауіпсіздік архитектурасы келмеске кетіп барады», деді Қазақстан Президенті. 

Оның айтуынша әлемдік алпауыттар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам арта түскен.

«Әлем жаңа әскери қақтығыс ошақтарының құрбанына айналды. Біз екі буыннан кейін алғаш рет ядролық қарудың қолданылу қаупімен бетпе-бет келдік. Текетірестер жасанды кедергілер мен экономикалық оқшаулануға әкеледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.