Қытайдың Орталық телеарнасы хабарлағандай, ол Пекинде өткен Ұлттық қорғаныс және әскери реформа семинарына қатысушыларға осындай нұсқау жіберді. Іс-шараға ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшелері қатысты.
ҚХР басшысы елде енігізіліп жатқан реформаның белгіленген мақсаттарын іске асыру жөніндегі жоспарды қатаң ұстану қажеттігін мәлімдеді.
2015 жылы Қытай билігі олардың тиімділігін арттыру үшін Қарулы Күштерді реформалау жоспарларын жариялаған еді.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қажет болған жағдайда кез-келген жауға қарсы тұра алатын заманауи армия құруға тырысып жатыр, оның айтуынша, армияға қойылатын ең маңызды талап - оның жауынгерлік қабілеті.