Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Көшбасшы қабілетке себепші жоба

573 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Zhasproject жобасы – жастардың ерік-жігерін шыңдап, көшбасшылық қабілетін арттырады. Бұл игілікті іс – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен жүзеге асып отыр. Бірегей бағдарлама аясында жастар жергілікті тұрғындарға пайда әкелетін өзінің әлеуметтік жобасын іске асыруға мүмкіндік алады.

Көшбасшы қабілетке себепші жоба

Аталған жобаға өз әлеу­е­т­ін, көшбасшылық қасие­тін дамытуға құштар, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі 18-28 жас ара­лығындағы талапкерлер қатысты. Мұнда ерекше ба­сымдылық әлеуметтік осал санаттағы жастарға бе­рі­лді. Ниет білдірушілердің өті­нім­дері сайт арқылы онлайн қа­был­­данды.

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлиев аталған жоба өңір жастарына үлкен қолдау болатынын айтады.

«Қазіргі уақытта жас­тар арасында білім дең­­ге­йінің төмендігі, өзіне және болашағына сенім­сіз­дік, масылдық көңіл күй, отба­сы­лық мәселелер, жұмыс­сыз­дық сияқты проблемалар өзекті. Сондықтан аталған жо­­баны іске асыру ең алдымен, жастарды қолдап, оларды қоғамдық пайдалы қыз­метке тарту. Жастар өз өмірлерін өзгертуге, өздеріне сенуге мү­м­кіндік алады», дейді Р.Әлиев.

Ал Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігі Жас­тар және отбасы істері коми­тетінің басқарма басшысы Алмагүл Құтанова минис­тр­лік қазір жастар жұмысына қа­­тыс­ты бірқатар тәсілді қай­та қарас­тырып жатқанына және Zhas­project сияқты атау­лы жә­не нақты жобалар бо­ла­шақ­та өз жемісін бере­тініне сенім білдірді.

Байқау кезеңінде жас­тардан 682 өтінім түскен. Тех­­ни­калық іріктеу кезеңінде қажетті құжаттардың конкурс талаптарына сәйкес кел­­ме­уіне байланысты 321 өті­нім қабылданбады. Арна­йы байқау комиссиясы ша­ғын гранттар байқауының 63 жеңімпазын анықтады. Оның ішінде әлеуметтік осал санаттағы 48 жас бар. Олардың дені жұмыссыздар, мүм­кіндігі шектеулі жандар, мүгедектігі бар бала тәр­бие­леп отыр­ған жас аналар, көп­ба­лалы жас аналар.

Енді жұмыссыз жастар оқып, өз жобаларын жүзеге асы­ра алады. Мәселен, олар нау­байхана, балаларды да­­мыту орталығы, массаж ка­би­неті, веб-дизайн курстары, роботтехника, копирай­тинг, пластмасса, жүн, то­қы­ма өң­деу­мен айналыса алады.

Ақшалай қолдаудан бөлек жоба қатысушыларына өмір­лік маңызды дағдылар мен жобаларды басқару бойынша қысқаша оқыту ұсынылады. Себебі ел ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік енді ғана дами бастады. Сондықтан қоғамға пайда әкелетін жаңа жобаларды құруға деген ұмтылысы бар жастарды жан-жақты қолдау барынша тиімді.

Жастарды әлеуметтік кә­сіп­­керлікті жүргізу негіз­де­рі­не үйрету үшін Zhasрroject се­кілді бастапқы кезеңде грант­­тық қолдау көрсету қа­­жет. Жасыратыны жоқ, әлеу­­меттік осал санаттағы топтар қажетті білімге ие емес. Мысалы, олар келі­сім­шарттың қалай жасалатынын білмейді, ешқашан шот-фактураны алмаған, қа­жет­ті заңдарды оқымаған. Осын­дай жастардың қар­жы­лық және құқықтық сауатын арттыру үшін менторлар пу­лы жұмыс істейді.

Zhasproject жобасын жүзе­ге асыруға Алматы және Же­тісу облыстарындағы аудан­­дық және қалалық жас­тар ресурстық орта­лық­­тары, сон­дай-ақ ауыл­дық округ­тер­дегі жастармен жұ­мыс жө­нін­де­гі әдіс­кер­лер белсенді түрде тар­тыл­ған. Жергілікті жерлерде жұ­мыспен қамту орталық­тарымен, ауылдық әкім­дік­тер­мен бірлесіп белсен­­ді тү­сін­ді­ру жұмыстары жүр­гізіл­ген.

«Өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген көп­­балалы жас отбасы, мүм­кін­­дігі шектеулі жандар, шал­ғай­дағы ауылдардан келген ауыл жастары жобаға қа­ты­са алады. Мұнда олар өз кү­шіне сенуге, туған ауылы­на пайда әкелуге және өз ісін та­буға мүмкіндік алады», дейді Алматы және Жетісу об­­лыс­тарындағы Zhasproject жобасының жетекшісі Әлия Құдайбергенқызы.

 

Жетісу облысы