Тағайындау • 22 Қыркүйек, 2022

Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

1975 жылы 18 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 

Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша; Халықаралық мамандықтар институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.

1997жылдан - Алматы қаласы Түркісіб аудандық прокурорының көмекшісі.

1999 жылдың ақпанынан - Алматы облыстық Әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінде бас маман - кеңес беруші, 1999 жылдың наурызынан - бас маман - бөлім бастығының көмекшісі, 1999 жылдың сәуірінен - бөлімнің бас маманы.

2000 жылдан - Алматы қаласы Әуезов аудандық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі. 2003 жылдан - «Талдықорған сусындары» ЖШС директоры.

2006 жылдан - «КМГ-Апатау» ЖШС бас заңгері (Алматы қ.). 2007 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және шарттар мониторингі департаментінің аға заң кеңесшісі (Астана қ.).

2008 жылдан - «Газпром нефть - Казахстан» ЖШС филиалының заң кеңесшісі (Астана қ.). ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің кадрлық және ұйымдастыру жұмысы басқармасы бастығының м.а., басқарма бастығы (Астана қ.).

2009 жылдың шілдесінен - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас кеңес берушісі, 2009 жылдың желтоқсанынан - бас инспекторы.

2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі қызметін атқарған.