Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2022

СҚО-да Тайынша ауданының әкімі тағайындалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берік Әлжанов Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да Тайынша ауданының әкімі тағайындалды

Б.Әлжанов Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. «Ветеринария» және «экономика және қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын Есіл ауданы Чириковка ауылында физика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Есіл аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманынан құрылымдық бөлімшесінің басшысына дейінгі қызметтерді атқарды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында ветеринария бөлімінің меңгерушісі, ветеринария бөлімінің орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Соңғы қызметінде үш жыл жұмыс істеді.

Тайынша ауданының бұрынғы әкімі Руслан Анбаев тамыз айынан бастап Петропавл қаласын басқарып келеді.