Тағайындау • 26 Қыркүйек, 2022

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Марат Әбуов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Марат Әбуов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін шетел тілі бакалавры, сондай-ақ Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін құқықтану мамандығын бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.

1999-2004 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы, Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды.

2004-2005 жылдары Қызылқоға аудандық білім бөлімінің бас маманы, 2005-2008 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары - Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі.

2011-2017 жылдары - Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.