Спорт • 26 Қыркүйек, 2022

Тбилисидегі турнирде қазақстандық теннисші қола жүлдеге ие болды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жас спортшылардың қатысуымен Тбилисиде үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тбилисидегі турнирде қазақстандық теннисші қола жүлдеге ие болды

Сарвиноз Миркадирова 19 жасқа дейінгілер арасында өткен сайыста қола жүлдегер атанды. Жарыс барысында Сарвиноз Миркадирова Грузия елінің спортшылары Нини Липартияны - 3:0 есебімен, Тако Рижваджені - 3:1 ұпайымен, ал Армения елінің спортшысы Мане Казарянды - 3:0 есебімен ұтты. 

Финалда өнер көрсету үшін Сарвиноз Гонконг спортшысы Конг Цз Ламмен сайысқа шығып, 1:3 есебімен ұтылды.

Түркістан облысының спортшысы Сарвиноз Миркадированың бұл жеңісі қазақстандықтардың қоржынындағы екінші жүлде.  22 қыркүйек күні дәл осы Тбилисиде өткен үстел теннисінде  он бір жастағы Марлен Жұмағұл күміс жүлдегер атанған еді.

Гүлім Садырбек