Әлем • 27 Қыркүйек, 2022

Түркияның Мерсин қаласында теракт болды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Мерсин қаласындағы полиция ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияның Мерсин қаласында теракт болды

MASH Telegram арнасының мәліметінше үш белгісіз адам полиция ғимаратына кірмек болған. Тәртіп сақшылары оларды ұстауға тырысқанда, кенеттен атыс басталып кеткен.

Шабуыл жасаушылардың бірі ғимаратқа автокөлікпен кіруге тырысқан. Көлік салонында қолдан жасалған жарылғыш зат болғаны анықталды.

Полиция көлік тізгіндеген әйелді тоқтату мақсатында оқ жаудырды, дәл сол кезде снаряд жарылып кеткен. Оқиға салдарынан бір полицей қаза тапты, екіншісі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысы бар екі күдікті жайлы хабарлады. Полиция қызметкерлері автокөлікте жатқан жарылғыш зат қашықтан жарылды деген болжам жасады.