Тағайындау • 28 Қыркүйек, 2022

Боксшы Василий Левит жаңа қызметке тағайындалды

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Боксшы Василий Левит жаңа қызметке тағайындалды

«Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ Агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылады», делінген баспасөз хабарламасында.

Василий Левит 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі - жоғары. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.