Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2022

Сарбаздарға – тегін грант

2774 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жасыратыны жоқ, әскерге барудан жалтаратын жастар көп. Себебі түсінікті де. Соңғы уақытта әскери бөлімдерде орын алып жатқан жағымсыз жағдайлардан кейін ата-аналардың өзі баласының сарбаз атануына қарсы. Қайтпек керек?

Сарбаздарға – тегін грант

Қорғаныс министрлігі азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында жаңа жоба бас­тауды көздеп отыр. Ол мерзімді әске­ри қызметін өткерген барлық азаматтар­ға Ұлттық бірыңғай тестілеуді есепке алмай, әскери борышын өтеген соң екі жыл ішінде жоғары оқу орындары­на түсуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Қорғаныс министрлігі тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыс­та­рын бастап кетті. Жобаны іске асыру білім беру саласындағы заңнамаға өз­герістер енгізуді талап етпейді. Бұл жоба 2023 жылдан басталады. Мұндай же­ңілдіктер қазіргі уақытта борышын өтеп жүрген азаматтарға және 2022 жылы әскерге шақырылуға жататын сар­баздарға берілетін болады. Демек күн­тізбе бойынша күзде әскерден кел­ген соң, олардың оқуға түсуге мүм­кін­діктері бар. Бұрынғы әскери қызмет­ші­лер жоғары оқу орындарының әскери ка­федрасында тегін оқи алады. Жаңа жо­баны Ғылым және жоғары білім ми­нистрлігі де қолдап отыр. Бұдан бөлек, әскерге барып келгендерге бір­неше жеңілдік жасалады. Атап айт­қанда, олар – ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу, ЖОО әскери кафедрасында тегін оқу және әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсу мүмкіндіктері.

Жоба бойынша әскери оқу орындарына емтихансыз түсу және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу грантын алу кезінде әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға басымдық беріледі деп отыр. Еліміздің барлық өңіріндегі қырыққа жуық жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға білім алуға жеңілдіктер беретінін растады.

 – Жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарай әскери қызметшілерге жоғары оқу орнының гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі. Мұндай жастарға Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай-ақ оқуға түсу мүмкіндігі ұсынылады. Әскери оқу орындарына емтихансыз түсу және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу грантын алу кезінде әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын өтеген балаларына да басымдық беріледі деп отыр. Жобаны іске асыру білім беру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етпейді, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.

Әзірге бұл бастаманы 30 университет қолдаған. Алдағы уақытта олардың саны 50-ге дейін жетуі мүмкін. Қазір жоғары оқу орындары жауынгерлер тегін түсе алатын мамандықтар тізімін дайындап жатыр.

Сонымен қатар Қорғаныс ми­нис­трлігі екінші деңгейлі банк­тер­мен әскери борышын өтеп жүр­ген­дер­ге «несиелік демалыс» беру мәсе­ле­сін пысықтап жатыр. Сондай-ақ ми­­нистрлік сарбаздардың қауіпсіздігі мә­селесін де қолға алмақшы. Мәселен, аға офицерлердің жауапкершілігін арт­тырып, ата-аналар комитетімен ты­­ғыз байланыс орнату жоспарда бар. Психологтер де жауынгерлермен жиі­рек кездесіп, моральдық қолдау көр­сет­пек. Бұдан бөлек, әскери борышын өтеген және «Кадет» сыныбын бітірген түлектер университетке грант алу үшін 5 пайыз квота бөлінеді.