Театр • 30 Қыркүйек, 2022

«Ассалаумағалейкум» – қуыршақ театрларының фестивалі

397 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ақтөбеде «Ассалаума­ға­лейкум!» деген атпен үш күнге созылған қуыршақ театрлары фестивалі өтіп, «Алақай» қуыршақ теат­ры­­ның сахнасын­да 14 өнер ұжымы қойы­лымдарын сах­налады.

«Ассалаумағалейкум» – қуыршақ театрларының фестивалі

Ақтөбе облысының әкімдігі мен мәдениет, архив­тер және құ­жаттама басқармасы­ның қолдауымен алтын­шы рет өткізілген фестивальге Баш­құрт мемлекеттік қуыршақ театры, Өзбек­станның Ферғана облыстық қуыр­шақ театры, Ингушетия­ның Назрань қала­сындағы жас кө­рермендер театры, Ре­сейдің Вла­димир қаласын­дағы қуыршақ театры, Бурят респуб­ли­калық «Ульгэр» театры, М.Жан­га­зиева атындағы Қырғыз мем­лекеттік қуыршақ театры түрлі қойылымдармен ­кел­ді. Елімізден Астана қаласы­ның қуыршақ театры, Алматы мемлекет­тік қуыр­шақ театры, Маңғыстау, Сол­түстік Қазақстан, Қостанай об­лыс­тық қуыршақ театрлары, Н.Бекежа­нов атындағы Қызылорда облыстық қазақ ака­демиялық музыкалық драма театры,­ Шымкент қалалық қуыр­шақ және жас­өспірімдер театры түрлі жанрдағы қойы­­лымдарын ұсынды.

«Ассалаумағалейкум» фес­тивалі тұңғыш рет 2004 жылы Ақтөбе қа­ла­сының 135 жылды­ғы­на орай ұйым­дастырылып, содан бастап екі жылда бір рет өткізу дәстүрге айналды. Осы кезге дейін «Алақай» төрінде ТМД, Еуропа елдерінен 63-тен астам өнер ұжымы өнер көр­сет­ті. Ақтөбе облы­сы әкімдігі таға­йын­даған биылғы жүл­де қоры 1 миллион 700 мың теңге бол­са, ең үздік қойылымға 500 мың теңге таға­йындалды. Одан өзге үздік режиссерлік туынды және үздік сценаграфия үшін 300 мың теңгеден жүлде қоры бекітілді. Сондай-ақ үздік музыкалық көр­кемдеу, үздік әртіс аталымдарына арнайы жүл­делер таға­йындалды.

Өнер гаджеттердің тасасында қалып қойғандай көрінетін қазіргі уақытта қуыршақ театрларына да көрермен тарту оңайға түсіп отырмағанын жасырмады РФ Театр қайраткерлері одағының мүшесі, Санкт-Петербург қаласы әкімшілігі Мәдениет комитеті­нің мемлекеттік емес театрлар жө­ніндегі сараптамалық кеңесінің мүшесі Давид Бурман. Ол әлемдегі қуыршақ театрлары фестива­лі­нің үздік ондығына кіретін KUKART фестивалін тұрақты түрде өткізіп келеді. Д.Бурман Санкт-Петербургтің қуыршақ ­театрларына ресейлік меценаттар тұрақты түрде қар­жылай қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Т.Жүргенов атындағы Қа­зақ ұлт­тық өнер академиясы­­ның профессоры, театр сыншысы Сәния Қабдиева­ның айтуынша, қуыршақ өнерінің эле­менттері драмалық қойылымдардан, операдан, балеттен көрініп жатса, екінші жағынан қуыршақ қойы­лымдарынан ­балалар да, ересектер де өзіне керек­тісін табады.

Алматыдағы мемлекеттік ака­де­­­­м­иялық орыс драма театры­­ның бас режиссері Бек­болат Парма­нов елі­­міздің облыс орталық­тарындағы қуыр­шақ театр­ла­рының «Ромео мен Джульетта», «Макбет», «Гамлет» сияқ­ты клас­сикалық жауһарларды сахналай бастағаны өнердегі оң қадам деп есептейді: «Бізде қуыршақ театр­лары тек балаларға арналған деген түсінік қалыптасқан. Соңғы уақытта қуыршақ театрлары ере­сектер үшін қойылымдар көр­сете бастады. Бұл өте жақсы құбылыс».

о

Башқұрт Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр сыншысы Дина Даулетши­на: «Театры көп қоғамның руха­­нилығы да жоғары болады. Балаларға арналған қойы­лым­дарда ересектер аңғара бер­мейтін терең философия жасы­рынған. Біз сахнадан баланың ішкі жан-дүниесіне кілт іздеп, оның көп сұрағына қуыр­шақ тілімен жауап береміз. Кішкентай көрермен қойылым кезінде ерекше көңіл күйді бастан өткереді. Осы тамаша сезімдер баланы қуана білуге, біреудің жанын түсіне білуге үйретеді», дей­ді. Фестиваль қорытындысы бо­йынша алты театр үздік шық­ты. Алматы қаласындағы мем­лекеттік қуыршақ ­театры «Абай. Впечатление» қойылы­мы үшін «Ересектерге арналған үздік қо­йылым» номинациясын, Шым­кент қа­лалық қуыршақ және жас­өспірім­дер театры «Асыл шөп» қойылымы ­үшін «Балаларға арналған ең үздік қойы­лым» номинациясын иеленді. Маңғыс­тау облыстық қуыршақ театрының әртісі Ержан Бегашев пен «Асыл шөп­те» ойнаған Толқын Өмірзақова үздік әртіс атанды. Сахнаны ұлттық аспап үнімен, ұлттық киімдерімен, ән-күйі­мен жандандырған Ферғана облыс­тық қуыршақ театры «Үздік актерлік ансамбль» сыйлығын алды. Шы­нымен де қуыршақтарынан да өзбек өнері­нің иісі аңқып тұрған ферғаналықтар көрер­мендерге тамаша көңіл күй сыйлай білді. «Үздік сценографиялық кон­цеп­ция» жүлдесі Ақтөбе облыстық «Ала­қай» қуыршақ театрына бұйырды.

Фестивальге қатысушы өнер ұжым­дары қайшылық пен кикіл­жіңге толы қазіргі дүние­де ұлт пен ұлысты, адамды жақын­дастыратын өнер екендігін, ізгі­­лік жолында қуыршақ өне­рі­нің маңыздылығының өте жо­ғары екенді­гін атап өтті. Осын­дай фес­тивальдер жиі-жиі ұйым­дас­тырылып тұрса, театр ұжым­да­рының шығармашылық өсуі­не, өзара тәжірибе алмасуына жол ашы­лары сөзсіз.

р

 

Ақтөбе облысы