Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Саяси науқанда кибершабуылдарға сақ болуымыз қажет - Тоқаев

1272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Президент Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саяси науқанда кибершабуылдарға сақ болуымыз қажет - Тоқаев

«Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет», деді Президент.

Оның айтуынша, сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді.

«Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз», деді ол.