Тағайындау • 03 Қазан, 2022

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

«Алматы облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Рауан Рақымбеков 1980 жылы дүниеге келген. 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экология және табиғатты пайдалануды басқару мамандығы бойынша, 2008 жылы осы оқу орнында қаржы мамандығын игерген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қайнар» ААҚ моноблокты құю цехында қоймашы болып бастады. Осы жылдар ішінде Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекші маманы, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды.

2021 жылдың сәуірінен ​​Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.