Қазақстан • 03 Қазан, 2022

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі делегациясы IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Түркияға арнайы барып, ақжолтай жаңалықпен оралып отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қазақстанда өтеді

«Сапар барысындағы өзекті мәселелердің бірі – Қазақстанда V Ойындарды өткізу жөніндегі келіссөздер болатын. Нәтижесінде, Түркияның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу кеше салтанатты түрде аталған ауқымды шараның эстафетасын елімізге табыс етті. Яғни, ресми түрде Қазақстан – 2024 жылғы 5-ші Дүниежүзі көшпенділер ойындарын өткізуші мемлекет ретінде белгіленді», деп жазды министр.

Оның айтуынша, бұл – айтарлықтай қуаныш, әрі аса жауапты жұмыс.

«Мыңжылдықтардың мұрасына ие, көшпелі дала салтын ұлықтаған ел ретінде бұл дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін. Кеше Түркия төрінде ел намысын қорғап, ерекше нәтиже көрсеткен барлық жеңімпазды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Ат үстіндегі Алаш рухының айбыны арта берсін!», делінген мәтінде.