![Жас ғалымдарға арналған жоба](/media/2022/10/03/211001112133779e.jpg)
Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады:
– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
– Энергетика және машина жасау;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеулер;
– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
– Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және мамандандырылған ғылыми бағыттар.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.