Театр • 04 Қазан, 2022

Шерағаң – сахна төрінде

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұрта­заның 90 жылдық торқалы тойына орай өңірде көп­теген іс-шара өткізіліп жатыр. Асқар Тоқпанов атын­дағы облыстық қазақ драма театры да үнсіз қалмады.

Шерағаң – сахна төрінде

Театр ұжымы «Шер-Хан» атты жаңа спек­такль­ді жер­гі­­лікті жұрт­­шылықтың на­за­ры­на ұсынды. Дарабоз қалам­гер­­дің тағдыр-та­ла­йынан сыр шерткен жаңа қойы­лымды өңір басшысы Нұр­жан Нұр­жігітов қала тұрғын­да­рымен бірге тамашалады.

Жаңа спектакльдің қою­­­­шы режиссері әрі инс­­­­це­нировка авторы, Шың­ғыс Айтматов атындағы ха­лық­­аралық сый­лық­тың лау­­реаты Қуандық Қа­сымов бол­са, қоюшы-су­рет­шісі Мә­­­­­де­ниет қай­рат­­кері Қал­­тө­­­ре Жұмақұлов.

Спектакльде ұлтжанды жа­зушының тауқыметке то­лы балалық шағы, «ха­лық жауының» ұрпағы ре­тін­де бастан кешірген қиын­дықтар, соғыс кезінде тарт­қан тауқыметі, өр тұлға ре­­тіндегі өнегелі жо­лы мен жан­­­­кешті ең­бегі актерлік ан­сам­бль­дің шеберлігі ар­­­қылы жұрт­шылықтың жү­ре­гіне жол тапты.

Шерағаның рөлін сом­даған Қазақстанның Ең­бек сіңірген қай­раткері Жү­ніс Әлімбеков өзіне жүк­телген міндетті сәтімен орын­да­ғаны даусыз. Ол Шер­­­хан Мұртазаның образын қаз-қалпында сомдап, кө­рер­мендерді тәнті етті. Қыс­­қасы, бала Барысханнан бас­тап, дарабоз Шерханның соқтықпалы соқпаққа толы жо­лы түгел қамтылған жа­ңа қойылым көрермен қа­­­уымға ұнады. Содан да бол­­­са керек, бекзат өнерге аң­­са­ры ауған тараздықтар екі күн бойы театрға ағылып келіп жатты.

 

ТАРАЗ