Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп - Үкімет басшысы

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жолдардың нашар жағдайына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп - Үкімет басшысы

«Көлік апаттарының негізгі себептері – жолдардың нашар жағдайы. Халық тарапынан жолдың сапасына қатысты шағым өте көп. Айталық, 26 қыркүйекте Ақтөбеде тұрғындар айналма жолды жауып тастады. Себебі ол жолда не жарық жоқ, не жаяу жүргінші өтетін жер, не қауіпсіздік элементтері жоқ. Мұның бәрі жол апатына алып келеді», деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, жол қауіпсіздігі саласында бейнекамералар мен басқа да техникалық бақылау құралдары жеткіліксіз.

«Республикалық маңызы бар автожолдарда бейнебақылау жүйесі тек Ақмола облысында ғана бар. Біздің басты міндетіміз – жол қауіпсіздігі, жол апаттары мен одан қаза болу жағдайларын азайту бойынша кешенді шешімдер қабылдау», деді Премьер-Министр.