Бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясының мәселелерімен айналысады.
Азамат Қайырбекұлы ШҚО, Самар ауданында туған. Еңбек жолын Өскемен қаласындағы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің Халықпен жұмыс жөніндегі маманы болып бастаған. Одан кейін қалалық мәслихат аппаратының нұсқаушысы, ШҚО құрылыс, сәулет және ТҮКШ басқармасының, ШҚО Құрылыс және сәулет басқармасының, ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасының әртүрлі бөлімдерінің маманы, ШҚО энергетика, ТҮКШ, құрылыс және көлік басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.