Пікір • 06 Қазан, 2022

Демократиялық өзгеріс көрсеткіші

460 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қытай халқында «Өзгеріс дәуірінде өмір сүруден жаманы жоқ» деген сөз бар. Алайда бұл сөзді сәл өзгертіп, оны қазіргі шындыққа сәйкес қолданғым келеді. Қиындық – жаңа мүмкін­дік уақыты! Егер сіз дұрыс өмірлік толқынға түссеңіз, онда бұл толқын ынталандыру мен өмірлік мотивация береді.

Демократиялық өзгеріс көрсеткіші

Енді өзгерістерге тоқталсам. Алдымызда сайлау науқаны келе жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс прези­денттік сайлау өтетін күнге 2022 жылғы 20 қарашаны белгіледі.

Бұл қазіргі биліктің дұрыс шешімі екеніне сенімім мол. Елі­­мізде демократиялық бағыттағы саяси өз­геріс­­­тер басталғаны сөзсіз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ­стан халқы­на үндеуі 2019 жыл­д­ан бергі президент­тік кезеңінің нәтиже­лері мен қорытындыларын жасау­мен бірдей.

Осы уақыт ішінде Президент пен мемле­кет­тік билік үлкен жұмыс атқарды. Соның ішінде, партияларға сайлауға қатысу үшін тіркеу кезінде 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл тізімге 30 пайыз жастар мен әйел­дер кіруі керек дегенді білдіреді. Партияларды тіркеу шегі төмендетілді, бұл да демократиялық өзгерістер көрсеткіші.

Отандастарымыздың белсенділігі мен сая­си көз­қарастарына сүйенсек, жақын арада бірнеше саяси партия құрылатынын аңғару қиын емес. Өйткені бүгінгі таңда қазақстандықтар арасында сая­си белсенділік артып келеді.

Халқымызда сайлаудан кейін жаңа дәуір басталады деген үміт бар. Себебі көп нәрсе айтылды, көп нәрсе уәде етілді және оны жүзеге асыру үшін Президенттің өзі айтқандай жеті жыл жеткілікті.

Президент халыққа үндеуінде сайлауға қазақстандық және шетелдік бақылаушылар қатысатынын хабарлады. Бұл алдымыздағы сайлау демократиялық сайлау нормаларына сәйкес болатынының кепілі деп түсінеміз.

Сайлауға дайындыққа келсек, кезектен тыс сайлау болатыны туралы бұрын әр түрлі болжам айтылатын. Өйткені бұл науқан қазір елде жүзеге асырылып жатқан саяси ре­фор­малардың заңды жалғасы екені бәрімізге мә­лім. Алдымыздағы президент сайлауынан ке­йін пар­ламенттік сайлау болатыны заңды құ­бы­лыс. Яғни парламенттік сайлауға дайын­да­лып жатқан саяси күштерге алдымыз­дағы пре­зи­денттік сайлауға қатысу үшін өз көшбас­шы­сын ұсыну қиынға соқпай­ды. Саяси үдеріс­тің идея­сына сәйкес саяси күштер әрқашан бел­сенді ұстанымына ие болуы керек, кез кел­ген уақытта сайлау науқанына дайын болу үшін сайлаушылармен дұрыс жұмыс өткізу керек.

 

Наталья ДЕМЕНТЬЕВА,

Мәжіліс депутаты