Әдетте жеңімпаз ел келесі жылы байқауды өзінде ұйымдастырады, сондықтан «Eurovision-2023» Украинада өтуі керек еді. Алайда, «Eurovision» ұйымдастыру комитеті қауіпсіздік мақсатында конкурсты Ұлыбританияға көшіру туралы шешім қабылдады. Себебі, соңғы байқауда екінші орын британдық әнші Сэм Райдерге бұйырды.
Бастапқыда британдық жиырма қала байқауға қызығушылық танытты. Бірақ соңында олардың саны екіге - Ливерпуль мен Глазгоға дейін қысқарды.
Бұрын Ұлыбритания байқауды сегіз рет қабылдаған. Бірақ ол ешқашан Ливерпульде де, Глазгода да өткен емес.
«Eurovision» M&s Bank Arena порт аренасында, 11 мың көрерменге арналған, конгресс орталығының, қонақ үйлердің және теміржол вокзалының жанында өтеді.