Пікір • 10 Қазан, 2022

Билік пен қоғам байланысы

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысынан съезге партияның 40 өкілі делегат ретінде келіп, ұйымның алға қойған мақсаты мен жоспарын тыңдауға, саяси аураны сезінуге мүмкіндік алды.

Билік пен қоғам байланысы

Партияның павлодарлық мүшелері президент кандидатурасына Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну идеясын бірауыздан қолдайды. Мемлекет басшысының саясаты ең әуелі тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталғаны белгілі. Партияның жұмысы да халықпен кері байланыс орнатып, әлеуметтік мәселелерді шешуге құрылған. Сондықтан да алдағы уақытта билік пен халық арасындағы алтын көпір нығайып, ойға алған реформалар нәтижелі жүзеге асады деген сенім мол.

Күні кеше Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуетін ерекше атап өтті. Сәйкесінше, мұнда тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік зор екенін нақтылады. Бұл бізге артылған сенім деп түсінеміз. Алдағы уақытта тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар қолға алынып, партия мүшелері игі істің басы-қасында жүретініне ешкім шүбә келтіре қоймас.

Бүгінде бұлжымастай көрінген халықаралық қаты­нас­тар, қоғамдық құндылықтар, әлеуметтік, адами бай­ланыстар түбегейлі сынға түскені рас. Осындай тари­хи, жауапты кезеңде ортақ мүдде мен мақсат үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уа­қыт келді.

 

Илья ТЕРЕНЧЕНКО,

«Amanat» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы