Қазақстан • 10 Қазан, 2022

Саммит қарсаңында ТМД елдерінің СІМ басшылары кездесу өткізеді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қазанда Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саммит қарсаңында ТМД елдерінің СІМ басшылары кездесу өткізеді

«Дәстүрлі түрде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Саммиті қарсаңында 12 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Кеңестің кезекті отырысы өтеді. Іс-шараға қатысушылар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды», деді Айбек Смадияров ведомствоның брифингінде.

ТМД Сыртқы істер министрлері алдағы ТМД Саммитінде, сондай-ақ 28 қазанда Астанада өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобаларын қарайды деп жоспарлануда.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы қазіргі төрағалығы аясында 14 қазанда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің жетекшілігімен ТМД Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтетінін хабарлаған едік.