Тағайындау • 12 Қазан, 2022

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы тағайындалды

«Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Қуаныш Нұрланұлы Елікбаев Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды», деп жазылған хабарламада.

Қуаныш Елікбаев 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 

Қазақстан-Британ техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын, Ресей халықтар достығы университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бағдарламашы-жүйе әкімшісі болып бастаған.

2006-2007 жылдары жеке меншік компанияларда жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ-да («Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы») жетекші маман, бас сарапшы, басқарма бастығы, Техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу қ.) техникалық регламенттерді әзірлеу бөлімінің консультанты, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің әдіснама бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті бас сарапшының м.а., бас сарапшы, ЕурАзЭҚ және Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылы ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2017-2021 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу қ.) ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті директорының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары болды.