Елорда • 12 Қазан, 2022

Үлкен және Кіші Талдыкөлдің орнында саябақ пайда болады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Үлкен және Кіші Талдыкөлдің орнында саябақ пайда болады

Әкімнің айтуынша, Үлкен Талдыкөл суының көлемі 2015 жылға дейін 55-57 млн текше метрді, биыл күзде – 1,5 млн текше метрді құрады. Яғни, су деңгейі 50 есе төмендеді.

«Жыл басында су көлемі 5 млн текше метрді құрады. Судың жоғарғы бөлігі енді жоқ, ол буланып кетті. Екінші бөлігінде су бар. Ол біздің тазарту құрылыстарымыздан келеді, яғни үлкен Талдыкөл нөсер кәріздерін қоректендіреді. Бұрын жер асты сулары болған, сол жағалаудағы белсенді құрылысқа байланысты қайта толтыру тоқтатылды. Енді біз екі су айдынына қосымша су беруді ұйымдастырамыз», деді Алтай Көлгінов.

Әкім бұл ауданда экологиялық парк құру жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Біз бұл жерде саябақ болғанын қолдаймыз. Қазірдің өзінде 1500 ағаш отырғызылды, күзде тағы 2000 ағаш отырғызамыз», деді әкім.