Өнер • 13 Қазан, 2022

Алашты асқақтатқан Айша

612 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандық Айша Сабыржанқызы Англияда өткен халықаралық көркемсурет байқауында бірінші орын алды.

Алашты асқақтатқан Айша

Дарынымен дараланған ал­ты жасар қыз бұл өнер бәй­гесіне «Алашорда» ат­ты кар­ти­налар топтамасын ұсыныпты. Бұ­­лар­­да жиырмасыншы ғасыр­дағы қазақ зия­­лы­ларының жар­қын бейнелері көрініс тапқан.

Кәделі конкурсқа түскен туындыларды әлемнің әр шал­ғайынан келген 58 қазылар алқасы сарапқа салыпты. Айы оңынан туған Айша таланттар тай­та­ла­сында топ жарып қана қоймай, үздіктер үкі­ленген про­­дюсерлік каталогке да еніпті.

Айта кететін жайт, Айша­ның суреті бойынша Әли­хан Бөкейхан, Ахмет Бай­тұр­сын­ұлы, Міржақып Дулатов секілді Алаш арыстары шет­елдік VOGUE журналының мұқа­­ба­сын­да бейнеленген. Бір қы­зығы, қия­лы жүйрік қылқалам шебері кейіпкерлерінің үстіне қазіргі таңда екінің бірі таба алмайтын сәнді костюмдер «ки­гізіпті». Ол өзінің бұл сурет­терін әлеуметтік желі арқылы төрт­күл дүниеге тегіс таратып үлгеріпті.

Анасының айтуынша, Айша бес жасынан бастап сурет салумен әуестеніп, он екіге толғанда кенепке пейзаждар мен ке­лісті портреттер жазып әжептәуір ма­шық­танған көрінеді.

д

н

«Алақанға салып аяла­ған Айшамыз қаршадай ке­зін­де қант диабетімен ауырып, үй-ішімізбен қатты уайымдадық. Әрі-сәрі күйден әйтеуір шық­тық-ау. Бірде Астанаға тойға бар­дық. Сол жолы күйеу бала­мыз бізді музейге апарды. Көз қуантар көр­менің үстінен түс­тік. Қызымыз экс­по­зицияға қойыл­ған карти­на­ларға телміре қарап ұзақ тұрды. Содан кейін-ақ ол талап­­тың тай жүй­рігін ерттеп мініп, өнер жолы­на бір­жола бет бұр­­ды», дейді анасы ағынан жары­лып.

Буырқанған бояулар сырына қа­нық­қан қабілетті бойжеткен бұдан кейін көп­теген байқауға қатысып, қаптаған жүл­дені қанжығасына байлады. Египет, Бол­гария, Ко­лум­бия және басқа елдерде осы са­ланың майын ішкен мар­ғас­қалардан мақтау естіді.

Болашағынан үлкен үміт күтт­іретін өрелі өреніміз өнер­­сүйер қауымға Ассоль есімі­мен та­­­нымал иллюстратор-гра­фик отан­­­­дасымызды өзіне үлгі тұ­та­ды. Оған тіпті ешкімді тең­гер­мейді.

Ең бастысы, балғын сурет­ші туған елі­нің тарихына қат­ты қызығады, халқын сүйе­ді. Алашшыл аталарының суретін салып, Альбион төрінде ас­қақ­та­туының түп себебі, сірә сонда болса керек.