Әлем • 14 Қазан, 2022

ТМД елдері экстремизмге қарсы күрес бағдарламасын қабылдайды

572 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геостратегиялық шиеленіс жағдайында ТМД елдері арасында өзара сенімді нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін одан да көп күш қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД елдері экстремизмге қарсы күрес бағдарламасын қабылдайды

Мемлекет басшысы ТМД-да күш және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының теңгерімді жүйесі құрылғанын, қауіпсіздік саласындағы тұжырымдамалық құжаттар қабылданғанын атап өтті.

«Сонымен қатар біз жаңа тәуекелдер мен қауіптерге ден қою үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеуіміз қажет. Қазақстан ТМД мемлекеттерінің терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық тетіктерін жетілдіру жөніндегі бірлескен тәсілдерімен бөліседі. Біз бүгін қабылданып жатқан экстремизмге қарсы күрес бағдарламасының міндеттерін іске асыру бойынша тығыз үйлестірілген жұмысқа дайын екенімізді білдіреміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында.

Айта кетсек, бүгін Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміздің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ағымдағы төрағалығы аясында ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің отырысы өтуде.