Аймақтар • 17 Қазан, 2022

Жанат – жыл кітапханашысы

686 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасы оқырмандарға былтыр қыркүйек айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебіне, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі ордаға айналып үлгерген облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова жуырда «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапатталды.

Жанат – жыл кітапханашысы

Еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек біреуіне ғана берілетін мәртебені «Қа­зақ­стандық Кітапханалық Одақ» ЗТБ төрағасы Бақытжамал Оспа­­нова тапсырды. «Жыл са­йын Одақтың кезекті отыры­сы ұйымдастырылып, түрлі мә­селелер талқыланады. Биыл­ғы жиында «Мәдениет туралы» заң­ның 24-бабы – кітапхана ісі бойын­ша өзгеріс енгізу туралы қарас­ты­рылып, кітапханашы­лар өз ұсы­ныстарын білдірді. Әрі қарай заң жо­басы Парламент­ке ұсынылатын бо­лады. Ал атал­ған номинацияға лайық­ты болу үлкен жауапкерші­лік, се­нім артылғанын да білдіреді. Бұл – Түркістан облысындағы 395 кі­тапхананың бірлесе атқарған ең­бе­гінің нәтижесі», дейді Жанат Сә­ді­бекқызы. Сондай-ақ Ақтөбе об­­лы­сының мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масы мен Ақ­төбе облыстық зағиптар және нашар көретін аза­маттардың арнаулы кітап­ханасының ұйымдастыруымен өткен «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясындағы «Кеңістік­те бағдарлау» республикалық бай­­қауының қоры­тын­дысы бо­йынша Түркістан облыс­тық «Фараб» әмбебап ғылыми кі­тап­ханасы III орынға ие болып, арнайы дипломмен мара­патталды. Екі ай көлемінде зағип, көзі нашар көретін бала­лар­ға арналған так­тильді кітап­тарды кітапхана қыз­мет­кер­лері Алия Жұмабек пен Дана Бай­дәу­летова, Айнұр Сұлтанбекова өз қолымен тіккен болатын.

Осы арада айта кетелік, жа­қында кітапхана қыз­мет­кер­лері осы күнге дейін ең көп кітап оқыған үш оқыр­ман­ды анықтады. Кітапхана қыз­­меткерлері бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып жыл соңында «Алтын формуляр» иесін арнайы марапатқа ұсын­бақ. Кітапхана директоры Жа­нат Шардарбекова формулярда оқыр­­манның кітапхана­дан алған кітап­тары жазылатынын, сондықтан жыл соңына дейін «Алтын формуляр» иесі атанып, сый-сияпатқа ие болуға әркімнің-ақ таласы барын айтады. Ал бүгінге де­йін өңірде ең көп кітап оқыған үш азаматтың бірі – Өтеген Ысқақұлы. Түркістан қа­ла­­сының тұрғыны Өте­ген қа­рия 40 жыл теміржол саласында жұ­мыс істеген. Зайыбы екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде сол пер­зент­терінен не­мере-шөбере сүйіп отыр­ған бақытты ата мен әже. Кітапхана ашылғалы бері бүгінге де­йін 38 кітап оқыған Өтеген қария жа­қында кітапханадан жазушы Тө­кен Әлжантегінің «Елең-алаң жал­ған-ай» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағын және Қанат Әбілқайырдың шығармаларын алған. Ал бүгінге дейін 23 кітап оқыған 23 жастағы Шерхан Саматұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Мамандығы – актер. Астанадағы қазақ ұлт­тық өнер университетін драма театр және кино әртісі мамандығы бойынша тәмам­даған жас маман өткен жылы Түр­­кістанда жаңадан ашылған сазды-дра­ма театрына қабылданған. За­ман­дастарын кітап оқуға деген да­ғ­­дыны мық­тап қалыптасты­ру­ға ша­қырған Шерхан жазушы Шыңғыс Айт­ма­тов пен Ілияс Есенберлиннің шы­ғар­маларын сүйіп оқиды екен. «Фараб» кітапханасына жиі бас сұғатындардың тағы бірі Жани­зат Сәдібекова Түр­кіс­тан­да­ғы Халықаралық туризм және меймандостық универсиетінің екін­ші курс студенті. Сабақтан соң, яғни түстен кейін міндетті түрде кітапха­наға баратын ол оқитын кітаптарының тізімін алдын ала жасап алады екен. Жоғарыда айтып өткеніміздей, алдағы уақытта ең көп кітап оқитындар қа­тары өзгеріп, ұлғая түсері анық.

 

Түркістан облысы