Қоғам • 17 Қазан, 2022

Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс- шараларын өткізді, нәтижесінде екі жергілікті тұрғын - әкесі мен баласы ұсталды. Олардан 300 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды

Күдіктілердің бірінің үйінің жанындағы Нива автокөлігін, сондай-ақ гараждағы балықты сақтау орнын тінту кезінде шамамен 300 кг бекіре балығы тәркіленді.

Әкесі мен баласы заңсыз ауланған балықты сатуды жоспарлағаны анықталды.

Қылмыстық іс «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас» ҚР ҚК 339-бабы бойынша тіркелді, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалды.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыстың барлық мән-жайлары анықталуда. Ұсталғандар қамалды», делінген хабарламада.