Қазақстан • 17 Қазан, 2022

«Отбасы банкіне» бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы банкіне» мемлекеттік бюджеттен 50 млрдқа жуық қаражат  несие ретінде беріледі деп хабарлайды Egemen.kz.

«Отбасы банкіне» бюджеттен қомақты қаражат бөлінеді

Бұл туралы «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2022 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен «Отбасы Банк»-іне тұрғын үй несиелерін беруге 49,9 млрд теңге бюджеттік кредиттеу үшін бөлінсін», делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Банктің баспасөз қызметі бұл ақша «Шаңырақ» бағдарламасына жұмсалады деген болжам айтты.

Айта кетейік, қаулы жобасы 26 қазанға дейін қоғамдық талқылау.