Аймақтар • 18 Қазан, 2022

Таразда «өлген кісілер» үй кезегінде тұрған

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында заңды құқығы жоқ 5500-ден астам адам баспана кезегіне тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Таразда «өлген кісілер» үй кезегінде тұрған

Таразда қайтыс болған 257 адам үй кезегінде тұрған.

Сондай-ақ мониторингтік тексеріс нәтижесінде 2000-ға жуық адамның некеде тұрғаны анықталып, 3000-нан астам тұрғынның жылжымайтын мүлігі бар екені белгілі болған. Анықталған адамдардың барлығы пәтер кезегінде мемлекеттік қызметкер, мүгедек, жетім балалар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының өкілдері болып тіркелген. 

«Мониторинг нәтижелері әкімдіктерге жолданды. Ведомствоның араласуынан кейін 1075 адам кезектен шығарылды. Қалған 4650 іс бойынша кезектен шығару шаралары жүргізілуде», деп хабарлады ведомствоның аға қызметкері Жәнібек Сұлтанов.

Іс қазір Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде, тексерістер әлі де жалғасуда.