Осы жылдың 13-16 қазан күндері шығыс орта елдерінің астанасы Кувейт қаласында 30 мемлекеттен 400-ге жуық жеңіл атлетшілер бақтарын сынаған еді. Дүбірлі Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірінен 27 спортшы қатысты. Олардың арасында елордалық әпкелі сіңлі Колодалар да бар. Атап айтқанда, 400 м кедергілер арқылы жүгірген Анастасия Колода қарсылас шақ келтірмей, күмісті еншіледі. Ал, Екатерина Колода осы қашықтықта 4-ші орыннан көрінді.
Жарыс қортындысы бойынша, Қазақстан құрамасы U18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында ел қоржынына 3 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салып, жалпы командалық есепте бесінші орынмен аяқтады.