Бірақ қазақстандық жанкүйерлердің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Екінші кезеңде жерлесіміз Джессика Пегуламен кездесті. 28 жастағы АҚШ теннисшісі әр жылдары Аустралияның ашық біріншілігі, US Open және Ролан Гарростың ширек финалында ойнаған. Қазіргі кезде ол WTA рейтингінде бесінші орында тұр. Бұл кездесу 6:2, 3:6, 6:7 есебімен америкалық ойыншының пайдасына шешілді. Ең өкініштісі, осы сәтсіздіктен кейін Рыбакина WTA-ның Қорытынды турнирінде күш сынасу мүмкіндігінен айырылды. Аталған жарыс 31 қазан мен 7 қараша аралығында АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өтеді деп жоспарлануда. Ал Чилидің Кокимбо қаласындағы турнирде Тимофей Скатов аргентиналық Николас Кикерді 6:4, 1:6, 6:4 есебімен қапы қалдырып, үшінші айналымға өтті.