Өнер • 22 Қазан, 2022

DALA DAUYSY: Бақ шаба ма, бап шаба ма?

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Мәдениет және спорт министрлігі дәстүрлі, класси­калық, эстрадалық және театр өнері жанрларындағы шығар­малар мен олардың авторларын қолдау мақсатында DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялаған еді. Жүлде қоры 46 млн теңгені құрайтын байқау негізгі үлкен 5 номинация бойынша 16 сыйлықты қамтиды. Жаңа жобаның басталғаны туралы министр Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақ­­шасында жазған болатын.

DALA DAUYSY: Бақ шаба ма, бап шаба ма?

«Ұлттық құндылықтарымызды ұлық­тап, жаңа өнер туындылары авторларын қолдауға бағытталған DALA DAUYSY республикалық конкурсын жариялап отырмыз. Жаңа авторларды елге танытуға, тың туындылардың көпшілікке таралуына, патриоттық әндердің кеңінен насихатталуына серпін беретін конкурс шығармашылық иелерін бейжай қалдырмайды деп сенеміз», деп жазды Дәурен Абаев.

Үміткерлер «Үздік фольклорлық музыка», «Үздік классикалық музыка», «Үздік драматургиялық туынды», «Үздік музыкалық-театрлық жанр туындысы», «Республика әні» (Эстрада жанры), Мәдениет және спорт министрлігінің 2 арнайы жүлдесі номинациялары бойынша бақталасады. Ал жеңімпаздар желтоқсан айында анықталып, марапатталады.

Айта кетейік, аталған байқауға өтінімдер 15 қазан мен 15 қараша аралы­ғында қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпарат Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сайтында көрсетілген.