Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы Ақмарал Әлназарова «Арал өңіріндегі қоршаған орта және халықтың денсаулығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Төраға орынбасары өз сөзінде Арал апаты аймақтық та, жаһандық деңгейде де шешуді талап ететін қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі ретінде БҰҰ-да танылғанын атап өтті.
«Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық дағдарысты еңсеруде бірлескен күш-жігер жұмсап келеді. Екі елдің президенттері Арал өңіріндегі өзекті мәселелерді жедел шешуді, трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды жүйелі түрде айтып отыр. Өтіп жатқан форумды біз екі ел, оның ішінде парламенттік байланыстар аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың заңды жалғасы ретінде қарастырамыз», деді Төраға орынбасары.
Депутат Ақмарал Әлназарова да Арал өңіріндегі климаттың әсерін және табиғи ортаның азып-тозуын азайту мақсатында Сырдария өзені мен Солтүстік Арал теңізін сақтау мәселелерін шешуде жалпыға бірдей қабылданған халықаралық конвенциялар мен стандарттарға сәйкес түбегейлі қадамдар қажеттігін атап өтті.
«Экономиканың барлық саласында климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын қабылдау қажет, әсіресе ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясы мен ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көшу керек. Таяу жылдарда құрғап қалған теңіз түбінің жалаңаш жерлеріне орман өсіру, мал шаруашылығын дамыту үшін суы өздігінен шығатын ұңғымалардың айналасында оазис жүйесі жасалуы қажет. БҰҰ қамқорлығы аясында терең зерттеулер жүргізіп, тиісті ұсынымдар әзірленуі керек», деп атап өтті сенатор А.Әлназарова.
Конференцияға Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты Төрағасының орынбасары Содик Сафоев, ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге, USAID жобасының жетекшісі Екатерина Стрикелева қатысып, сөз сөйледі.
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елімізде 500 мыңға жуық бала ұшақпен тегін ұша алады
Қоғам • Кеше
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды
Аймақтар • Кеше
TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды
Қоғам • Кеше
Қаржы • Кеше
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Әлем • Кеше
Өткен жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келген
Туризм • Кеше
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар