Таным • 27 Қазан, 2022

54 мың жыл бұрын өмір сүрген адам

810 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуықта генетик ғалымдар Ресей Федерациясының оңтүстік Сібір ай­мағындағы Алтай тауының қой­науында орналасқан Шағыр және Окладников үңгір­леріне ұзақ жыл жүргізген зерт­теу нәтижесінде неандерталь адамның генін анық­таумен қа­тар, тұңғыш рет олардың геном­дық сызба бейнесін жасап шық­ты.

54 мың жыл бұрын өмір сүрген адам

Неандертальдық адамдар ізі бұған дейін Еуразия құрлығының көптеген үңгірінен табылған. Бұл жан иесі бұдан 430 мың жыл бұрын пайда болып, шамамен 40 мың жыл бұрын жойылып кеткен.

Жоғарыдағы екі үңгірді зерттеу барысында 54 мың жыл бұ­рын өмір сүрген 20 шақты адам­­ның ізі табылған көрінеді. Нақтырақ айт­қанда, екі үңгірдің бірі Шағырдан 11 жанның ізі анықталса, сол маңға жақын орналасқан Окладников үңгірінен екі неандертальдықтың дерегі шы­ғыпты.

Шағыр үңгірінде өмір сүрген неандертальдықтардың ДНҚ-сын анықтаған швед ғалымы Сванте Паабо осы еңбегі үшін жу­ықта Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл оқымыс­тының пайымына қарасақ, неан­дертальдықтардың гені әлі күнге дейін тірі дейді. Бұл тек-тұқым өкілдерінің шамамен 2 пайыз гені жер бетінде әлі күнге дейін өмір сүріп жатыр.

Тағы бір жаңалық, генетик ға­лымдар үңгірден табылған сау­­сақ сүйегінен алынған гене­тика­лық ақпаратты тасымалдаушы мо­­ле­ку­лаларды зерттеу барысында бұрын белгісіз болып келген тағы бір адам пошымды жан иесін анық­тады.

Бұл реткі жаңалықтың ашылуына Германиядағы Макс Планк ғылыми орталығы Ан­тропология бөлімінің зерт­теушісі Лауриц Сковтың еңбегі зор. Бұл маман екі үңгірден табыл­ған 17 сүйек тісіне ұзақ жыл зерттеу жүргізіп, анықталған деректер арқылы бұл жерде жеті ер, алты әйел адамның өмір сүргенін дәлелдеп шыққан. Тіпті бұлардың бесеуі жасөспірім деген қорытынды шығарған.

Оның сыртында бұл кісі­лердің барлығы бір-біріне туыс екені генетикалық зерттеу нәти­жесінде белгілі болған. Ал мына жаңғыртылған сызба-сурет Шағыр үңгірінде өмір сүрген әке мен қы­зының бейнесі.