Қоғам • 28 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы Astana Media Week қатысушыларына құттықтау жолдады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада үш күнге созылған Astana Media Week-2022 іс-шарасы қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Astana Media Week қатысушыларына құттықтау жолдады

Қазақстандық және шетелдік медиа сарапшылардың басын Астанада қосып, саладағы өзекті мәселерді талқылап, түрлі мастер кластар ұйымдастырылған іс-шараға Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хат жолдады. Құттықтауды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі оқып берді.

«Astana Media Week – ақпараттық ынтымақтастықты нығайтуға, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы рөлі мен әлеуетін айшықтауға арналған ауқымды диалог алаңы.
Әлемдік дәстүрлі медиа мамандары, халықаралық сарапшылар қатысатын коммуникация саласындағы кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасулар отандық медианың дамуына тың серпін береді», деп баға берді Президент медиа апталық жұмысына.

Сондай-ақ құттықтауда «Ақпарат саласы азаматтық қоғамның қалыптасуына ерекше үлес қосып келеді. Азаматтар өз пікірін еркін жеткізіп, журналистер қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтады. Бұл елімізде әділетті қоғамды құруға септігін тигізетін маңызды үрдіс», делінген.

Биыл медиа апталық дәстүрлі «Үркер» ұлттық байқауының салтанатты іс-шарасымен қорытындыланды.