«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.
Ахмед-Заки 2020 жылдың тамызынан осы уақытқа дейін Астана IT университетінің ректоры, 2017-2020 жылдары Халықаралық бизнес университетінің президенті, одан бұрын 2016-2017 жж. Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарған.